$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алтыншы шақырылған парламенттің алғашқы сессиясы

AstanaTV
26.03.2016ж. 20:00
1634
Алтыншы шақырылған парламенттің алғашқы сессиясы

Тақырыпты жалғастырамыз - сөйтіп, Мәжіліс төрағасы болып Атырау облысын басқарған Бақтықожа Ізмұхамбетов, орынбасарлары болып сайлауға дейін Ішкі істер министрінің орынбасары, оның алдында 7 жылдай Төтенше жағдайлар жөніндегі министр қызметін атқарған ҰҚК генерал-лейтенанты Владимир Божко мен бұған дейін де Мәжіліс депутаты болған Гүлмира Исимбаева сайланды. Сонымен бірге Мәжілістегі 7 комитеттің төрағалары да бекітілді.

 Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сессияны ашқанда парламент депутаттарына берген тапсырмаларына келсек:

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

Біріншіден, барлық фискалды процедураларды мөлдір етуге ықпалдасатын бірыңғай салық және кеден кодексін қабылдау керек. Екіншіден, «Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану» туралы кодекс осы саладағы бүкіл қатынасты реттейтін нормаларды жинақтауы тиіс. Үшіншіден, электр энергетикасы мәселелерін қаузайтын заңдарды өзгерту қажет. Энергия үнемдейтін ұйымдарды ірілендіру үшін. Төртіншіден, бәсекелестік мәселелерін реттейтін заңдарды толықтыру керек. Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң актілерін бюджет меншігін тиімді басқару үшін жетілдіру қажет. 

Ал әлемдік экономика мен халықаралық қатынастардың даму шкаласы әрине, мемлекеттік органдардың жұмысында өзгеріс енгізуге итермелейді – оның ішінде парламентке де, біздің жоспарларымызға да, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.