$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен Қарағанды қаласында тағы бір коворкинг орталығы ашылды

AstanaTV
14.06.2018ж. 20:00
3829
«Нұр Отан» партиясының бастамасымен Қарағанды қаласында тағы бір коворкинг орталығы ашылды

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен Қарағанды қаласында тағы бір коворкинг орталығы ашылды. Облыстық Абай атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасындағы заманауи білім орталығында азаматтар кітап оқып қана қоймай, жаңа технологияларды меңгереді.  Коворкинг орталығы үшін дәл осы кітапхананың таңдалуы тегін емес. 60 жылдық тарихы бар мекемеде 130 мыңнан астам кітап пен құжат қоры бар. Кітапханаға жыл сайын 12 мыңнан астам жас оқырман жазылады. Енді әдебиет сүйер қауым жаңа форматтағы орталықта қажетті шығарманы онлайн жүктеп немесе тікелей оқуына болады.

Нұржан Жетпісбаев, «Жас  Отан» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы:

«Облысымыз бойынша мұндай 22 кітапхана ашу жоспарланып отыр. Әсіресе әрбір аймақтарда, ауылдарда, қалалық жерлерде түрлі қызықты іс- шаралар заманауи өткізе отырып, жастарды кітапқа баулу, жастардың арасында оқу үрдісін насихаттау болып табылады».

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында да коворкинг және ІТ орталығы ашылды. Абай атындағы аймақтық әмбебап кітапханасындағы коворкинг орталығы онлайн кітапханаға қол жеткізсе, Семейдегі Электротехникалық колледжіндегі ІТ кабинеттерде кәсіби мамандар даярланбақшы. Өңірде қазіргі таңда ІТ мамандар тапшы болғандықтан, осы саланы дамыту қолға алынған. Бұл орталықта жаңа мамандық алғысы келген кез келген азамат оқи алады. Талапкерлер жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданады. Ал қыркүйек айынан бастап мектеп оқушылары да тартылмақ.

Азат Сәрпеков, Семей қаласы электротехникалық колледжінің директоры:

Орталықтың басты мақсаты - жастарды дамыту ғана емес, қаласа, орта жастағы азаматтарды да оқыту. Олар жұмыспен қамту орталықтары арқылы қысқа мерзімді күндізгі курстарды аяқтай алады. Мұндай азаматтарға ІТ орталықтың есігі ашық.