Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

AstanaTV
15.06.2018ж. 20:00
3334
Президент қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Президент барша қазақстандықтарды мұсылмандар үшін қасиетті мейрам - Ораза айт мерекесімен құттықтады. Құттықау сөз Ақорда сайтында жарияланды. Онда Нұрсұлтан Назарбаев "Рамазан айы - рухани жаңғыру символы. Сондықтан жаңғыруға үндеп келе жатқан қасиетті ислам дінінің жасампаз рөлін кәдеге жарата білуіміз қажет" деген. Бұл күні қазақ халқы ежелден үйлерінде мол дастархан жайып, жаңа, сәнді киімдерін киіп, үйді-үйді аралап айттайды. Қазақстандықтар ғана емес, мұсылман елдері де ұлық мерекені тойлап жатыр.  

Бүгін Индонезия халқы да таңнан мешітке жиналды. Дұға қылғандар елдеріндегі тыныштықты тіледі. Ел үкіметі 11 мен 20-сы аралығын ресми түрде мереке күндері деп жариялады. Индонезия - әлемдегі ең ірі мұсылман елі. 250 миллион адамның 85 пайызы - мұсылман. Ал Бангладеште Айт ертең басталады. Бірақ жүзедеген адам осы бастан туған жерлеріне асығып жатыр. Көлікке мінгескен жұрттың қарасы қалың.