Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

2018 жылдың соңына дейін қазақстандықтар өз ұялы телефонының IMEI кодын жеке сәйкестендіру номеріне қосып тіркеуі тиіс

AstanaTV
15.06.2018ж. 20:00
2213
2018 жылдың соңына дейін қазақстандықтар өз ұялы телефонының IMEI кодын жеке сәйкестендіру номеріне қосып тіркеуі тиіс

2018 жылдың соңына дейін барлық қазақстандықтар өз ұялы телефонының IMEI кодын жеке сәйкестендіру номеріне қосып тіркеуі тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл қызмет ақысыз әрі онлайн режимде жасалады. Бұл жұмыстар ұялы телефон ұрлығын тиімсіз ету мақсатында жасалып отыр. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

Ұялы телефон пайдаланушылар өз құрылғысын осы жылдың соңына дейін тіркеуі тиіс. Ол үшін абоненттің ұялы оператор кеңсесіне баруының қажеті жоқ. Жұмыс онлайн режимінде смс хабарлама жіберу арқылы бітетін болады.