Ораза Айт мерекесіне орай Президент елді құттықтағанда «...біз ерте заманнан озық ғылым мен білімді дамытуға жол ашып, адамдарды өздерін жетілдіруге және үндестікте өмір сүруге бастап келе жатқан қасиетті исламның жасампаз рөлін кәдеге жарата білуіміз керек», деген.
Орта ғасырларда араб, Ислам тараған басқа да елдерде философия, медицина, математика, астрономия сияқты ғылым салалары қатты дамығаны белгілі жайт. Тарихта «Ислам ренессансы» деген атаумен қалды. Орта Азия ғалымдары Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Рушд, Бируни, Махмұд Қашғари, тағы басқа ғұламалар шықты. Отырарда дүниеге келген Әбу Насыр әл-Фараби 128 еңбек жазған... Ал 8-9 ғасырда жазылған Мұхаммед Хорезмидің «Китаб әл-Мұқтасар» еңбегі 12-ғасырда Еуропа халықтарының тіліне аударылды. Алгебраның негізін қалаған оның «астрономиялық кестесі» теңдесі жоқ еңбектің бірі саналады. Дегенмен... Әсіресе қазіргі технологиялық уақытта ислам әлемі тағы бір ренессансқа мұқтаж. Қасиетті Рамазан, қадірлі Ораза Айт мерекесінде нәпсіні тыйып, сананы сілкінтіп, Жаратушыға жақындап, сауапты іс істеп, мұқтаждарға көмектесумен қатар, мейірімді адамдары көп қайырымды мемлекет болудың қамын да ойлау керек. Әрекет керек... Қасиетті Құран Кәрімде «Қай қауым болсын, өз жағдайын өзі өзгертпесе, олардың жағдайын Алла өзгертпейді» деп бұйырылған, дейді.