Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Менингококк инфекциясы Алматы облысында қайта бас көтерді

AstanaTV
18.06.2018ж. 20:00
2629
Менингококк инфекциясы Алматы облысында қайта бас көтерді

Алматы облысында менинкококк инфекциясы қайта бас көтерді. Соңғы екі күнде Талдықорғанда 3 адам жұқпалы аурулар ауруханасына түскен. Оның бірі - 9 жасар бала. Аурухананың бас дәрігері Бауыржан Сауранбаевтың айтуынша, екі ересек азаматтың жағдайы ауыр. Олар жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастың бірінің жасы 19-да. Екіншісі 21-де. Екеуі де емдеу мекемесіне кеше жеткізілген. Оларға клиникалық тұрғыда менинкокк инфекциясының қанға таралуы деген диагноз қойылды. Алайда, зертханалық сараптама нәтижесі әлі шықпаған. Тексеріліп жатыр. Соңғы рет менингококк инфекциясы маусым айының 8-і күні тіркелген еді.

Бауыржан Сауранбаев, Талдықорған қаласы өңірлік жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері: 

Екеуіне де диагноз клиникалық тұрғыда қойылды. Сол еммен жүріп жатыр. Екеуінің арасында ешқандай байланыс жоқ. Үмітсіз шайтан дейді. Бар бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Барлық біздің қолымыздағы анализдерге қарап бағалап отырмыз жағдайды. Солар жүре бастаған кезде жақсара бастады деп айтамыз. Әлі күдікпенен алып қалып жатқанымыз бар. Тағы да ақпарат айта жатармыз.