$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Сыртқы қарыз бақылауға алынбақ

AstanaTV
18.06.2018ж. 20:00
2201
Сыртқы қарыз бақылауға алынбақ

Ұлттық экономика министрлігі сыртқы қарыздың нақты көлемін анықтайтын болады. Бұл аталған берешек қаржы мөлшерін бақылау үшін жасалмақ. Бұл туралы есепті кездесуі кезінде сала министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Оның айтуынша, квазимемлекеттік саланың сыртқы қарызы алғаш рет анықталайын деп тұр. Бұдан былай ол бақылауда болады деді министр. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың келесі жылға жоспарланған қарызының көлемі де қаралатын болады.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Сыртқы қарыз көлемі 165 млрд-ты құрайды. Бұл Жалпы ішкі өнімнен сәл артық. Мемлекеттің қарызы жалпы ішкі өнімнің 25 пайызы. Яғни жалпы қарыздың төрттен бір бөлігі.  40 млдр-тайы - Үкімет, Ұлттық банк және жергілікті атқарушы органдардың қарызы.

Тимур Сүлейменов байлық немесе молшылыққа салынатын салық туралы да айтты. Әзірге Үкімет оны енгізу механизмдерін қарастырып жатыр. Салық бай манаптардың жалақысына емес, олардың мүлкіне салынуы мүмкін деді министр.