$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Бала өліміне дәрігерлер кінәлі екені сотта дәлелденді

AstanaTV
27.02.2016ж. 20:00
1771
Бала өліміне дәрігерлер кінәлі екені сотта дәлелденді

Ал Қостанайда «бала өліміне апарған әрекетке барды» деген күдікке ілінген екі дәрігерге қатысты сот шешімі шықты. Туберкелезден емдейтін диспансердің фтизиопедиатрі Айнаш Қалжанова мен балалар бөлімінің меңгерушісі Светлана Балицкая 2010 жылы 4 жастағы Арсенді емдеу кезінде ... не деп сипаттасақ екен, бауырды езіп жіберетін дәрілерді бала организміне үсті-үстіне бере берген. Таратып айтсақ –бала диспансерге түскесін бір айдан соң Айнаш Қалжанова бала қанының  биохимиялық сараптама нәтижелерін алады. Сараптама қан құрамындағы жалпы белирубиннің шамадан тыс көп екенін көрсетеді. Яғни бауыр улана бастаған. Алайда Қалжанова «уыттық гепатит» диагнозын қоймайды жәнебалаға туберкулезге қарсы дәрі-дәрмекті салуды тоқтатпайды. Уландырғыш гепатит дамып, біраз уақыт өткен соң науқас балада бауырдың өткір қабынуы басталған.

 Балалар бөлімі меңгерушісі Светлана Балицкая да бала қанының биохимиялық сараптамасынан белирубин құрамы тиісті мөлшерден 5 есеге артық екенін көре тұра, арнайы дәрі-дәрмек тағайындаған. Бауырды улайтын дәрі-дәрмектің ұзақ берілуі бала жағдайын тіпті нашарлатып, ол Қостанай қалалық ауруханасында қайтыс болады.

Сот медициналық сараптама баланың нақ бауыры ірігеннен өлгенін анықтаған. Соттың ұйғарымы: баланың тірі қалуына болушы еді, егер дәрігерлер күшті дәрілерді бере бермегенде. Ал олар қолдарында анализ қорытындысы бола тұра сөйткен...

Самат Сәтмағамбетов, Қостанай қаласы № 2 сотының судьясы: 

Сот Қалжанова Айнашты қылмыстық құқық бұзу бойынша кінәлі деп тауып, ҚР Қылмыстық кодексінің 4-тарауы, 114-бабы бойынша 2 жылға бас бостандығын шектеуге және 3 жыл мерзімге дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Ал Светлана Балицкаяға 1 жыл бас бостандығын шектеу және 2 жыл дәрігерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы берілді.Алайда қылмыстық жауаптылыққа тартудың мерзімі өтіп кетуіне орай екі дәрігер де жазадан босатылды.

Арсеннің анасы Зәуреш Дүйсембина сот шешімін әділетті деп санайды, бірақ дәрігерлерден моральдық және материалдық шығын өтеуді талап етіп, азаматтық шағым жазбақ. Арсен ата-анасының асырап алған жалғыз баласы болған.

Зәуреш Дүйсембина:

Бастысы мен 5 жыл жүгіріп, ақыры олардың кінәлі екенін дәлелдедім. Әрине, баламды қайтара алмаймын. Әйтсе де бұл шешім басқа дәрігерлерге сабақ. Жұмыстарына жоғары жауапкершілікпен қарайды деп үміттенемін.

Айнаш Қалжанова қазір Астана қалалық тубдиспансерде істейді. Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі бізге осындай мәлімет берген. Ал тубдиспансердегілермен мынадай әңгіме өрбіді:

Телефон арқылы жазба:

Елена Чебано, Астана қалалық туберкулезге қарсы диспансердің кадрлар бөлімінің инспекторы:

- АйнашБазылхановна?Она работает с 2013 или 14 года, где то около двух лет. Это надо посмотреть. Она врач участковый. - Нет, а мы откуда могли знать? Ее же не судили? Ну вообще они предоставляют все справки о судимости, сами мы не делаем запросы в правоохранительные органы. Она участковый врач фтизиопедиатр. «Так же детей лечит?» -я просто не знаю она не она, не могу сказать.

- «Нет жалоб?» - вообще нет жалоб.

Зәуреш Дүйсембина айтқандай, сабақ алған, жауапкершілігін арттырған шығар. Одан басқа...