$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Президент барлық заңдардың конституциялық нормаларға сай болуын тапсырды

AstanaTV
19.06.2018ж. 20:00
2634
Президент барлық заңдардың конституциялық нормаларға сай болуын тапсырды

Барлық заңдар Ата заң нормаларына сай болуы тиіс. Бүгін Ақордада Конституциялық кеңес төрағасын қабылдаған президент осылай деді. Кездесуде Қайрат Мәми конституциялық реформаларды жүзеге асыру барысын баяндады. Кеңес - мемлекеттік орган деген Нұрсұлтан Назарбаев оның әлеуетін арттыруды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Конституциялық кеңес - барлық қабылданған заңдардың, істеліп жатқан жұмыстардың Конституцияға сай ретінде бақылап отыратын орган ғой. Сол жағынан қарағанда жалпы дұрыс па?

Қайрат Мәми, ҚР Конституциялық кеңес төрағасы:

Жалпы дұрыс. Жалпы ұсыныстардан басқа үлкен өзгерістер енгізілді. Ол тек қана конституциялық өзгерістермен ғана шектелген жоқ, Нұрсұлтан Әбішұлы. Соған байланысты өзіңіз көптеген жарлықтардың күшін жойдыңыз немесе өзгерттіңіз. Және де Парламент көптеген заңдарды қайта қабылдады.