Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ресейдегі футболдан әлем чемпионатының екінші туры басталады

AstanaTV
19.06.2018ж. 20:00
2400
Ресейдегі футболдан әлем чемпионатының екінші туры басталады

Бельгия құрамасы мундиальға алғаш рет қатысқан Панаманы бет қаратпай ұтты.  Бельгиялық құрама екінші таймда ғана қарқын алды. Осылайша ойын 3:0 есебімен аяқталып, G тобында көш бастады. Ал ағылшындар үшін Тунисті жеңу оңайға түскен жоқ. Ойынның 36-ыншы минутында есеп 1:1 болып теңесті. Бірақ команда капитаны Харри Кейн дубль жасап, жеңісті қарсыластарынан жұлып әкетті.

Бүгін алаңға шығатын Н тобындағы командалар арасында алғашқылардың бірі болып Колумбия мен Жапония кездесті. Букмекерлер оңтүстік америкалықтардың басым түсерін айтып отыр. Ал бірнеше минуттан кейін Польша мен Сенегал арасындағы матч өтеді. Осыдан кейін топтық чемпионаттың бірінші турының бағдарламасы аяқталады. Еуропа мен Африкадан келген азулы командалар мықты ойыншыларын алға тосып, бір-бірін жүндей түтуге дайын. Ойынның алтыншы күнінде бақ сынасатын Ресей мен Египет командаларының ойыны тартысты өтетіні анық. Әзірге алаң иелері А квартетінде көш бастап келеді. Егер мысырлықтарды мойындатса, әлем чемпионатының плей-оффына қатысуға жолдама алады.