$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралға қашан ыстық су берілері белгісіз

AstanaTV
20.06.2018ж. 20:00
2629
Оралға қашан ыстық су берілері белгісіз

Қарыз толық өтелмейінше, газ берілмейді. Оралдағы «Жайықжылуқуат» мекемесін көгілдір отынмен қамтитын «ҚазТрансГазАймақ» кәсіпорны филиалының басшысы осылай деді. Газ бағасын өсіру ісіне қатысты өткізілген қоғамдық тыңдау кезінде жылу мекемесімен келісімшарт жасалғанын алға тартты. Яғни мәміле талаптары орындалуы тиіс. Әйтпесе тиісті шара қолданылады деп ескертті.

Күні кеше Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшылары бірер күнде қалаға ыстық су беріледі деп уәде еткен. Бірақ газберушілер мұны теріске шығарды. Айта кетейік, оралдықтардың жылуға қарызы жарты миллиардтан асса, жылу орталығы көгілдір отын үшін 400 миллион теңге берешек.

Әзімбек Асаров, «Қазтрансгазаймақ» АҚ БҚО филиалының директоры:

«Жайықжылуқуат» көктемнің үш айында тұтынған газ үшін қарыз. Бізге газдың ақысын қалай төлесе - солай қосамыз.