Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Футболдан әлем чемпионатының кезекті ойындары өтті

AstanaTV
20.06.2018ж. 20:00
2760
Футболдан әлем чемпионатының кезекті ойындары өтті

Футболдан әлем чемпионатын қабылдаған Ресей алғаш рет плей-офф кезеңіне өтті. Бұл мәлімдемені мамандар алдын ала болжамға балап отыр. Алаң иелерінің топтан шығуы үшін қалған матчтарда айрықша бір оқиға орын алуы керек секілді. Мәселен, Сауд Арабиясы ресейліктермен гол айырмасы орасан бір жеңіске жетуі тиіс. Ресей командасының соңғы екі матчтан кейінгі көрсеткішіне тоқталсақ, қоржынында 6 ұпай бар. 8 гол соғылды. Бір рет қақпасына доп жіберіп алды. Статистикадағы сандардың соңғысы Мысыр құрамасының көшбасшысы Мұхаммед Салахтың еншісінде. Ол  пенальтиді шебер орындады.

Плей-офф кезеңі туралы ресми ақпарат бүгін шығуы тиіс. Ал, арабтар Уругваймен алаңға шығады. Португалия мен Марокко арасында да тартысты ойын өтті. Бүгін сондай ақ тағы бір қызықты матч болады. Испания құрамасы Қазан қаласында Иранмен ойын өткізеді. Соңғылары Марокконы жеңіп мундиальда сенсация орнатып үлгерді. Ал мамандар  осы жолғы әлем чемпионатының түрлі тосын сыйлар әзірлеп қойғанын болжап отыр.