Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ұлыбритания парламенті Еуроодақтан шығу туралы заң жобасын бекітті

AstanaTV
21.06.2018ж. 20:00
2690
Ұлыбритания парламенті Еуроодақтан шығу туралы заң жобасын бекітті

Ұлыбритания парламенті Еуроодақтан шығу туралы заң жобасын ақырғы рет мақұлдады. Елдің премьер-министрі Тереза Мэй "бұл Еуроодақтан бірыңғай шығудың маңызды қадамы" деп атады. Мұны Рейтерс хабарлады.

Енді құжатты Патшайым қарап, бекітуі тиіс. Содан кейін ғана заң атына ие болады. Онда "Еуропалық қауымдастық туралы" заңның Корольдік төңірегінде жүзеге аспайтыны айтылған. Демек, Еуро
одақ заңдарының Ұлыбританияда аумағында күші болмайды.

Еске салайық, одақтан шығу мәселесі тура бір жыл бұрын көтерілген болатын. Ал ұйымнан ресми түрде шығу 2019 жылдың 29 наурызына белгіленген.