Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

ҰБТ алғашқы күні емтихан тапсырған 14 мың абитуриенттің 2 мыңы шекті балды жинай алмаған

AstanaTV
21.06.2018ж. 20:00
2890
ҰБТ алғашқы күні емтихан тапсырған 14 мың абитуриенттің 2 мыңы шекті балды жинай алмаған

Алғашқы күні Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырған 14 мың абитуриенттің 2 мыңнан астамы шекті 50 балды жинай алмаған. Ол сынақ тапсырғандардың 15 пайызы. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов осылай деді. Оның сөзінше, қазір республика бойынша орташа балл 80,9 пайыз.  Ал, былтыр бірінші күннің нәтижесі 77,5 пайызды құраған. Бұл республика бойынша орташа балл 4 пайызға өскенін көрсетеді. Ал бірінші күнгі ең жоғарғы көрсеткіш 137 балл. Ал, жоғарғы оқу орнына түсуге мүмкіндік беретін шекті 50 баллды жинай алмағандар енді жаңа жүйе арқылы қайта тапсыра алады.

Рамазан Әлімқұлов,  ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

Жаңа форматтың ерекшелігі - ҰБТ-ді, өкінішке орай, тапсыра алмағандар тамыз айында қайта тапсырады. Өтпей қалса, қыркүйекте ЖОО ақылы түрде түсіп, 1 семестрге шартты түрде, кейін қаңтар айында 3-ші рет тапсыруына мүмкіндігі бар.