Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жомарт Ертаевтың әйелін Алматы соты қамауға алды

AstanaTV
22.06.2018ж. 20:00
2223
Жомарт Ертаевтың әйелін Алматы соты қамауға алды

Экс-банкир Жомарт Ертаевтың әйелі мен «Алма ТВ» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы сырттай қамауға алынды. Мұндай шешімді Медеу аудандық соты шығарған. Бұл туралы біздің арнаға Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі өкілі телефон арқылы хабарлады. РБК банктің бұрынғы тәуелсіз директоры Нұргүл Ертаева мен кабельдік телевизия топ менеджері Александр Пархоменкоға «қаржы алаяқтығы» бабы бойынша айыптар тағылған. Екеуі де Қазақстаннан тыс аумақта жүр.

Бауыржан Ахметов, Алматы қалалық сотының ресми өкілі:

Медеу аудандық №2 сот судьясының қаулысына сәйкес, 2018 жылдың 21 маусымында күдіктілер Пархоменко Александр Владимирович пен Нұргүл Ертаеваны қамауға алу туралы үкім шықты. Қамауда ұстау мерзімі 2 ай. Бұл мерзім күдіктілер ұсталған сәттен бастап есептеледі.

Айта кетейік, Жомарт Ертаевты Ресей құқық қорғаушылары мамыр айында Мәскеуде құрықтаған. Қазақстан ішкі істер министрлігі оны аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыптады. Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, 80 млн АҚШ долларын астыртын фирмалар арқылы ұрлады деген күдікке ілінген.