Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Әділет министрі баспана алуда заңгерлер көмегіне жүгінуге кеңес берді

AstanaTV
22.06.2018ж. 20:00
2432
Әділет министрі баспана алуда заңгерлер көмегіне жүгінуге кеңес берді

Сараң екі рет төлейді. Осы мақалды алға тартқан Әділет министрі баспана алуда заңгерлердің көмегіне жүгінуге кеңес берді. Бүгін Марат Бекетаев халық алдында есеп берген болатын.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

Сондықтан мен пәтер не үй сатып аларда рұқсат қағаздары мен лицензиясын мұқият қарауға кеңес берер едім. Түрлі тәсілдегі келісімді егжей-тегжейлі түсіну керек. Адвокат пен заңгер кеңесін алу артықтық етпейді. Бұл ақылы қызмет болуы мүмкін, бірақ сараң екі төлейтінін ұмытпау керек. 

Ал Түркістан облысының халқы аймақ атауының өзгеруіне қатысты төлқұжаттарын өзгертпейді,-деді министр. Заң бойынша олардың күші сақталады. Облыс тұрғындары тек жасы келгенде, төлқұжат беттері толғанда, келісімді қайта тіркегенде ғана, яғни бұрынғы тәртіпке сай, ауыстырылады.