Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Түркістанда әуежай салынады

AstanaTV
22.06.2018ж. 20:00
3053
Түркістанда әуежай салынады

Облыс орталығына айналған Түркістанның өз әуежайы, автобекеті болады. Көрші елдермен темір жол қатынасын жандандыру көзделіп отыр. Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне шетелден келетін туристер үшін бұл маңызды. Әкімшілік іскерлік орталық аумағында көпқабатты тұрғын үйлер, жаңа театр, сауда орталықтары салынбақ. Тоғыз жолдың торабында орналасқан көне шаһарға жеміс-жидек, көкөністерді сақтайтын логистикалық орталық салу да жоспарда бар. Түркістан облысы бас сәулетшісінің айтуынша, 670 гектар жерге әкімшілік іскерлік орталығы салынады. Ал, 2023 жылға дейін  тағы қосылып, жалпы аумағы 2 мың гектардай жерге құрылыс салу жобасы жасалудда.

Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі:

Шетелден келген адамдар Түркістаннан кейін Самарқанд, Бұхараға баруды ойлайды, яғни  осы логистикалық жағынан осы маршруттарды жақсылап шешетін болсақ, яғни әуе жолы қатынасы, мысалы, Малайзиядан да келгісі келеді көп мұсылмандар, Индонезиядан келгісі келеді.

Түркістанға жаңа әкім тағайындалды. Әліпбек Өсербаев бұған дейін облыс әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Аймақ басшысы 27 басқарма, 30 департамент, облыстық мәслихат пен «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық кеңесі біртіндеп көшірілетінін айтты.