Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Тәуелсіздік жылдары ішкі істер саласында 850 адам қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған

AstanaTV
22.06.2018ж. 20:00
2465
Тәуелсіздік жылдары ішкі істер саласында 850 адам қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған

Тәуелсіздік жылдары 850 полицей қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған. Олардың ерлік істері ұрпақтың жадында. Астанада Ішкі істер министрлігінің бастамасымен марқұм сақшылардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

23-ші маусым күні Қазақстан полицейлері кәсіби мерекесін атап өтеді. Осыған орай қатарға жаңадан қосылған жас сарбаздар министрдің қолынан алғашқы шен қабылдап алды. Биыл  ішкі істер министрлігіне қарасты жоғарғы оқу орындарын аяқтаған 1070 түлек лейтенант атанып отыр.

Балауса Саматқызы, ҚР ІІМ Қарағанды академиясының түлегі:

Өзімнің осы полиция мамандығын таңдағаныма еш өкінбеймін және мақтан тұтамын. Болашақта осы ҚР халқына өз қызметімізді көрсетіп, өзімнің зор үлесімді қосқым келеді.