Каспий жағасында қалған «Аракс» танкері бірнеше бөлікке бөлініп, жағаға шығарылмақ. Бұл туралы Ақтау және Баутино теңіз әкімшілігі мекемесінің жетекшісі айтты. Кемені мұнай қалдықтарынан тазарту әлі де жалғасуда .
Нұрбол Ерманов, «Ақтау және Баутино теңіз әкімшілігі» РММ жетекшісі:
Бірінші кезеңде кемені мұнай өнімдері қалдықтарынан тазалау. Одан кейін кемені бөлшектеп кесу. Одан кейін жеңілдетілген корпусты жағаға шығарып, теңізді тазалау.
Қайраңдап
қалған кемені жағаға шығару маусымнан бастап қолға алынған. Қазір ол жерге
арнайы техника жеткізілді. Жұмыстарды жарты жылда толық аяқтау жоспарланып
отыр. Танкерде 500 тоннаға жуық мұнай қалдығы бар. «Аракс» кемесі ресейлік компанияға тиесілі. Кеме жағада
тұрып қалғалы маңғыстаулық шенеуніктер оны іздестірген. Алайда компанияның
бонкрот деп жарияланғаны туралы ақпарат шықты.