Дональд
Трамп Қытай кәсіпкерлеріне қатысты жаңа шектеулер енгізбек. Бұл туралы Рейтерс
хабарлады. Осылайша Трамп қытайлық компанияларының АҚШ-тың технологиялық
секторына инвестиция салуына тыйым салуды жоспарлаған сыңайлы. Ал, The Wall
Street Journal-дың мәліметінше, Қытайға технологиялық жабдықтарды экспорттау
көлемі шектелуі мүмкін. Трамптың нақты жоспарлары аптаның соңында жарияланады
деп күтілуде. Бейжің «Қытайда жасалған-2025» стратегиясын жолға қоюды
жоспарлаған. Ал Ақ үй басшысының мақсаты - аталған бастаманың жүзеге асуына жол
бермеу.