Негізгі / Жаңалықтар / Трамп Қытай кәсіпкерлеріне қатысты жаңа шектеулер енгізбек

Трамп Қытай кәсіпкерлеріне қатысты жаңа шектеулер енгізбек

Дональд Трамп Қытай кәсіпкерлеріне қатысты жаңа шектеулер енгізбек. Бұл туралы Рейтерс хабарлады. Осылайша Трамп қытайлық компанияларының АҚШ-тың технологиялық секторына инвестиция салуына тыйым салуды жоспарлаған сыңайлы. Ал, The Wall Street Journal-дың мәліметінше, Қытайға технологиялық жабдықтарды экспорттау көлемі шектелуі мүмкін. Трамптың нақты жоспарлары аптаның соңында жарияланады деп күтілуде. Бейжің «Қытайда жасалған-2025» стратегиясын жолға қоюды жоспарлаған. Ал Ақ үй басшысының мақсаты - аталған бастаманың жүзеге асуына жол бермеу.