$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астанада суға кеткен балалар тыйым салынған жерде шомылған

AstanaTV
25.06.2018ж. 20:00
2814
Астанада суға кеткен балалар тыйым салынған жерде шомылған

Астанада суға кеткен балалардың тыйым салынған жерде шомылғаны белгілі болды. Өткен демалыста Пригородный кентінде тұратын 9-12 жас аралығындағы 4 жеткіншек суға батып ажал құшқан. Олардың Нұра-Есіл арнасына шомылуға барғаны ғана белгілі. Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары 4 баланың қандай жағдайда суға кеткенін нақты айта алмай отыр. Балаларды көрген-білген адам болмапты. Құтқарушылардың сөзінше, бір бала аман қалған. Қазір ол ауруханада ем алып жатыр. Мамандар шомылу маусымы басталған кезде балалардың қауіпсіздігіне баса мән беру керектігін ескертеді.

Руслан Иманқұлов, ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі:

Балалар ата-аналарының бақылауынсыз қалды. Біз ата-аналарды балалардың ересек адамдардың қарауынсыз қалдырудың қауіпті екенін тағы да бір мәрте айтамыз. Қазіргі жазғы демалыс уақытында қауіп екі еселенеді. Балалардың қаза болуын күтпеңіз, алдын ала олармен судағы қауіпсіздік қағидалары туралы әңгімелесуіңізді сұраймыз.