Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Қызылорда облысындағы жаңадан салынған балабақша бір жылға ғана шыдады

AstanaTV
26.06.2018ж. 20:00
4467
Қызылорда облысындағы жаңадан салынған балабақша бір жылға ғана шыдады

Ең қысқа мерзімді балабақша. Қызылорда облысындағы Жосалы кентінде 90 балаға  арналған «Айгөлек» мемлекеттік балабақшасының қабырғалары сөгіліп, іргетасы отырды. Мамыр айынан бастап барлық балақайлар үйлеріне тарап, тәрбиешілер мезгілсіз демалысқа шығуға мәжбүр болды. Бір жыл бұрын нысанды қабылдап алған мемлекеттік комиссия құрамында тапсырыс беруші Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мамандары да болған. Ақау неден пайда болды? Балдырғандар балабақшаға қашан оралады? Әріптесім Шарипа Сақтапова анықтады.

Еркем дейді папам да, еркем дейді мамам да. Айтыңдаршы шындығын, ерке болу жаман ба?!

Ән, би, әліппе мен математика орнына ауладағы балалармен күн астында құмдағы ойын. Төрт жасар Нұрай інісімен өткен айдан бері Мәриякүл әжесінің тәрбиесінде. 

Нұрай, 4 жас:

Бүгін-демалыс, каникулға шықтық.

Ата-ана алаңдаулы, әже мен ата таң атқаннан күн батқанша немере сонында. Бір жылда үйреніп, өткен бағдарламаларын ұмытып қала ма деген үлкендер балабақшада бала қауіпсіздікте болуы қажет дейді.

Мәриякүл Жәкенова, Жосалы кентінің тұрғыны:

Бір жыл болмай «Айгөлектің» жабылып қалуына наразы болып отырмыз. Тез ашылса деймін, сапалы болса деймін. Тамағы тоқ, ішіндегі апайларына, бастығына жалобамыз жоқ. Тек сапасыз болып, жабылып қалғанына наразы болып жүрміз. Аяқ астынан жабылды әйтеуір.

Мәрзия ШарапатоваЖосалы кентінің тұрғыны:

Ашылғанынан жабылғаны тезірек болды да, қаншама қиындықтар көріп отырмыз енді. Балаларымыздың сол барып, білім алғанын, тәрбие көргенін жақсы көреміз. Үйдің тәрбиесінен гөрі балабақшаның тәрбиесі жақсы ғой. Бәрін ұмытып қалды енді. Осы екі баланың соңындамыз кешке дейін, азанда шығады кешке дейін бағып жүргеніміз шал екеуміз.

Отырған іргетас, сөгілген қабырға, бұзылған еден. Бар болғаны бір жылда бұл жаңа нысанның сыры кете бастады. Десе де ол жобадан немесе мердігерден кеткен ақау емес, дейді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшылығы.  252 миллион теңге бюджеттік қаражатқа салынған балабақшаны мемлекеттік комиссия кезінде кем-кетіксіз қабылдап алған.

Алмат Ізбасар, Қызылорда облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

Барлық жұмыстар жоба бойынша жасалған. Ескерту жоқ. Тек биыл көктемде жер асты суы деңгейі қатты көтеріліп кеткен ғой. Биыл жасаған кезде соны ескеріп, жаңадан құйылып жатқан фундаментке усилиение жасалып, мемлекеттік бақылау басқармасының мамандары қазір қасында. Техникалық қадағалаушы инженері ол да объекті басында. Жөндеу жұмыстарына бюджеттен ешқандай қаражат бөлініп жатқан жоқ.

Мердігер мекеме балабақшаны өз қаражатына жөндеп жатыр. Нысанды 20 шілдеде тапсыруға уәде берген көрінеді. Ал тапсырыс беруші әкімдік өкілдері келесі көктемде балабақша астынана су шықпайтынына сенімді

Шарипа САҚТАПОВА