$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Елде инновациялық жобаларға 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген

AstanaTV
26.06.2018ж. 20:00
3340
Елде инновациялық жобаларға 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген

Елде инновациялық жобаларға 7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл туралы Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің басқарма төрағасы Марат Омаров «Нұр Отан» партиясы алдындағы есебінде баяндады. Оның айтуынша, 5 жылдың ішінде 211 инновациялық жоба мемлекет қолдауын тапқан. Қазір соның 44 жобасы іске асырылып жатқан көрінеді. Ал 30 жоба бойынша әр түрлі себептермен келісімшарттар үзілген. 137 жоба бойынша жұмыстар аяқталған. Оның 54 жобасы ғана нәтижесін берген. 

Атап айтсақ, медицина, жеңіл өнеркәсіп салаларындағы бұл жобалардың ісі өрге басқан. Сондай-ақ басқарма төрағасы қолдау тапқан кейбір жобалардың ісі тоқтап қалғанын айтты. Олардың саны бүгінде 50-ге жеткен. «Нұр Отан» партиясының комиссия мүшелері ол бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Марат Омаров  "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ басқарма төрағасы: 

Мақсатымыз - «НАТР» АҚ-ның грант бағдарламалары туралы түсініктеме беру. 50-ге жуық жобаның іске аспай, тоқтап қалағаны өкінішіті. Сондықтан алдағы уақытта грант бөлудегі сапа мен ашықтыққа қарайтын боламыз. Сондай-ақ халықаралық тәжірибелерді жұмысымызда, іріктеу кезінде пайдаланғымыз келеді.