«Теңізшеврой» компаниясында күкіртке күйіп, жансақтау бөліміне түскен 3 жұмысшының жағдайы әлі ауыр. Дегенмен олар палатаға ауыстырылған. Жұмысшылардың екеуі - Атырау қаласының тұрғындары, біреуі - Шымкент қаласының тумасы. Дәрігерлер денесі мен аяқтарын шамамен 30 пайызға дейін күйік шалған деп бағалап отыр.
Өтемұрат Қарақойшиев, Атырау
облыстық ауруханасының оташы-дәрігері:
Үшеуінің де жағдайлары біраз ауыр деуге болады. Соған байланысты
келгеннен кейін реанимация бөлімшесіне салдық. Күйген көлемдері 20-дан 30
пайыздың айналасында. 2А, 3А процентінде. Қазіргі жағдайлары бірқалыпты, ауыр.
«Теңізшевройл» және оның мердігер мекемесі «Темірәлі» компаниясында оператор болып қызмет ететін 23, 26 және 43 жастағы азаматтар оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Айтуларынша, оқиға түнгі ауысымдық жұмыс кезінде болған. Олар бір күн бұрын құйылған күкіртті жинауға кіріскен. Алайда толық қатып үлгермеген күкіртке аяқтары бата бастайды. Бір-біріне көмектесіп, аман қалған жұмысшылар жұмыс учаскесінде жарықтың аз болғанын айтып отыр.
Бағдат Шекіртқалиев, зардап шегуші:
ТШО-ның операторында фонарик бар. Кішкентай фонарикпен қай жерді қарайсың? Негізі айналасында освещение болуы керек. Освещениенің көбі жанбай тұр. Түннің бір уағында қай жерде жұмыс істейсің? Опаловканы көтереп жүргенде, қай жер екенін точно білмейсің ғой. Ай жарық болғанда да алдыңдағы жолыңды көтересің ғой. Қай жері қатып, қай жеті қатпай тұрғанын білмейсің ғой.