Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Биыл Астанада жергілікті атқарушы билік арасынан жемқорлық тудыратын фактілер анықталмаған

AstanaTV
28.06.2018ж. 20:00
2887
Биыл Астанада жергілікті атқарушы билік арасынан жемқорлық тудыратын фактілер анықталмаған

Биыл Астанада жергілікті атқарушы билік арасынан жемқорлық тудыратын фактілер анықталмаған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы департаментінің өкілі хабарлады. Оның айтуынша, қазір елордада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары күшейтілген.  Осыған орай, агенттік Астана қаласы әкімдігімен «Астана - адалдық алаңы» жобасын іске асырып отыр. Мақсаты - тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою.

Жазира Жылқышиева, ҚР МҚІСЖ қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы:

Агенттіктің негізгі мақсаты, ұстау қамау ол негізі заңға сәйкес жүре береді. Осы бір-екі жылдан бері біздің негізігі жұмысымыз - түсіндіру, алдын алу  жұмыстары. Жаңа айтып отырмын, «Астана - адалдық алаңы»  жобасы осы агенттік пен Астана қаласы әкімдігі арасындағы жүргізіліп жатқан үлкен жоба.

Сондай-ақ, мамандар тұрмыстық жемқорлық көбіне халыққа күнделікті қызмет көрсету түрлерінде кездесетін айтып отыр. Атап айтсақ, тексеріс кезінде студенттерге арналған жатаханаларда тамыр-таныс арқылы отбасылы адамдардың, мұғалімдердің тұрып жатқаны анықталған. Сонымен бірге, мектептерде ата-аналардан ақша жинау фактілері де кездескен.