$498.34 €519.72 ₽4.85
×

«Демалыс орны емес» дегенмен, каналдарға адамдар бәрібір шомылады. Демек...

AstanaTV
30.06.2018ж. 20:45
2471
«Демалыс орны емес» дегенмен, каналдарға адамдар бәрібір шомылады. Демек...

Астананың іргесіндегі Пригородный атты кентте тұратын төрт бірдей баланың Есіл мен Нұраны қосқан каналға ағып, ажал құшқанына байланысты бірер сөз. Дәлірегі – белгілі журналист Қайнар Олжайдың фейсбук желісіндегі жазбасынан үзінді келтіреміз, себебі дөп сөз!      

... Тағы сол баяғы жыр – адам шомылар орын қарастырылмаған. «Канал ондай демалыс орны емес» дер атқамінерлер. Бірақ халқың, оның ішінде балаларың бәрібір соған келіп суға шомылатыны рас па? Рас! Ендеше ескер. Адамдардың өмірі мемлекет үшін құнды екенін сөз жүзінде сарнай бергенше іс жүзінде көрсет... Каналдардың әр ауыл тұсынан өтетін жеріне жайдақ, шомылуға болатын орын жасап беру керек. Қаржылай шығыны болғанмен, адам шығынын болдырмаудың жолы – осы. Ақшадан адамын құнды деп санайтын мемлекет болсақ!