$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Оралдық шенеунік қылмыстық жазадан айыппұлмен құтылды

AstanaTV
29.06.2018ж. 20:00
2777
Оралдық шенеунік қылмыстық жазадан айыппұлмен құтылды

Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданының бұрынғы әкімі Қайырғали Имашев қылмыстық жазадан айыппұлмен құтылды. Осыған дейін хабарлағанымыздай, қару-жарақты үйінде қауіпсіздік талаптарына сай сақтамаған шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалған еді. Оның салғырттығынан кәмелетке толмаған жеткіншек оқыста оққа ұшып, мүгедек болып қалды. Үйде мылтықпен ойнаған балалар бірін бірі абайсызда атып алған болатын.

Найля Джунусова, Орал қалалық №2-қылмыстық сотының судьясы:

Сот кезінде Имашев кінәсін мойындады. Әрі жараланған баланың ата-анасына көмектесуге уәде берді. Сот айыпталушының денсаулығы нашарлағанын және кінәсін мойындағанын ескеріп, 10 миллион теңге талап еткен жәбірленушілердің шағымын ішінара қанағаттандырды. Енді ол 3 миллион теңге төлейді. Бірақ айыппұлды уақытылы төлемесе, қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе қамауға алынады.