Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Депутаттар екі айға каникулға кетті

AstanaTV
29.06.2018ж. 20:00
2349
Депутаттар екі айға каникулға кетті

Депутаттар екі айға каникулға кетті. Бүгін Астанада қос палатаның бірлескен отырысы өтті. Осылайша, алтыншы шақырылым депуттары тағы бір саяси маусымды тәмамдады. Қыркүйектен бері қос Палатаның 4 бірлескен отырысы, Мәжілістің 38, Сенаттың 25 жалпы отырыстары өтіп, онда 400-ге жуық маңызды мәселелер қаралған. Үшінші сессия басталғанда екі Палатаның қарауында 129 заң жобасы болса, бүгінде олардың 84-і қабылданып, 65 заң жобасына Президент қол қойып, өз күшіне енген. Мәжіліс спикерінің айтуынша, ол оңайға соқпапты. Үкімет әзірлеп әкелген заң жобаларының сапасы төмен дейді. Биыл күшіне енген ең маңызды құжаттар төменгі палатаға "шикі" күйде түседі екен.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мысалы, Сақтандыру туралы заң жобасын депуттар қараған бетте 224 түзету енгізілді. Ал кәсіпкерлік қызметін реттеу туралы заң мәжіліске кірген бетте тағы 254 өзгеріс кірігізілді. Бұл ретте Салық кодексі енгізілген өзгерістер тіпті рекордттық жағдайға жетті. Осы кодекске байланысты мәжілістің өзінде 5 мыңнан астам заң техникалық және корректорлық өзгерістер енгізілді. Бұл кемшіліктер заң сапасына кесірін тигізетіні сөзсіз. Болашақта осындай кемшіліктерге жол бермеу керек деп есептейміз.