National Geographic байқауында
қолына кесе ұстаған қазақ қызының портреті бірінші орынды иеленді. Әйгілі
байқауға жыл сайын мыңдаған фотограф қатысады. Ол табиғат, адамдар мен қалалар
номинациясынан тұрады. Басына тымақ киіп, шай ішіп жылынып тұрған қазақ қызының
бейнесі журнал редакциясына басқа таңдау қалдырмаған. Осылайша Адамдар
номинациясын швейцариялық travel-фотограф Алессандра Мениконзи жеңіп алды. Ол
қазақ қызын Монғолияның батысында түсірген екен. Атақты фотобайқау планетамыздағы адам өмірі мен табиғаттағы әр
алуандылықты көрсетуді мақсат тұтады.