Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елордада «Көшпенділер әлемі» атты халықаралық этнофестиваль өтті

AstanaTV
02.07.2018ж. 20:00
3008
Елордада «Көшпенділер әлемі» атты халықаралық этнофестиваль өтті

Елордада «Көшпенділер әлемі» атты халықаралық этнофестиваль өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 100-ден астам шетелдік қатысушылар келген. Сондай-ақ еліміздің әр облысынан жасақталған арнайы командалар қатысты. 

Даниэль Сержанов, «KAZAKH TOURISM» ұлттық компаниясының бас менеджері:

Халық арасында бізге өзімізге таныс мысалы, асау дейді, асау жылқыны үйрету бойынша немесе қыз қуу, көкпар сияқты біздің ұлттық ойындарымызбен қоса, бізге белгісіз ұмытылып бара жатқан қой көтеру сол сияқты жан бату сияқты ойындарды көрсетіп жатыр.

Екі күнге созылған фестиваль аясында түрлі қызықты шаралар өтті. Келушілер өздерін орта ғасырға тап болғандай сезінді. Батырлар мен аруларды, мергендерді, тіпті құсбегі мен итбегілерге дейін кездестіруге болады. Мұнда Венгрия, Түркия, Ресей, Қырғызстан мен өз еліміздің шеберлері жиналған. Әр халықтың ұлттық сайыстары бойынша өзара үздіктер анықталды. Мұндай шара Астанада алғаш рет халықаралық деңгейде өткізіліп жатыр. Келер жылы этнофестивальді Шымкентте өткізу жоспарланған.

Даниэль Сержанов, «KAZAKH TOURISM» ұлттық компаниясының бас менеджері:

Қатысушылар географиясын кеңейтіп және келушілерді жан-жақтан көптеген туристерді тарту үшін ауқымды шара қылдыру біздің мақсатымыз болып табылады.