Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Футбол бәсекесіне бәс тіккен қазақстандықтар миллиондар ұтып жатыр

AstanaTV
02.07.2018ж. 20:00
2251
Футбол бәсекесіне бәс тіккен қазақстандықтар миллиондар ұтып жатыр

Ресейде өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының бәсекесіне бәс тіккен қазақстандықтар миллиондап ұтысқа ие болып жатыр. Бұл туралы LS порталы хабарлады. Жерлестердің көбі Германия мен Ресей құрамаларының ойындарына ақша салған

Fair Play букмекерлік кеңсесінің сайтында ең қомақты төлем 6,6 миллион теңгені құраған. Футбол жанкүйері 31 мың теңгеге бірнеше рет бәс тіккен. Ал Parimatch кеңсесіндегі ең ірі ұтыс - 1,4 миллион теңге. Tennisi-де бір ойыншы 9 оқиғаға небәрі 100 теңге салған. Осылайша әрбір матчта кім қанша гол салатынын дөп басып, 33 мың теңге пайда тауыпты.

Еске салайық, Ресейде 14 маусымда басталған футболдан әлем чемпионаты 15 шілдеге дейін жалғасады. Оған әлемнің 32 елі қатысып жатыр.