$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Ақтөбе облысында 3 мыңға жуық адам алимент төлеуден қашып жүр

AstanaTV
24.05.2016ж. 20:00
1454
Ақтөбе облысында 3 мыңға жуық адам алимент төлеуден қашып жүр

Ақтөбе облысында 3 мыңға жуық адам балаларына алимент төлеуден қашып жүр. Олардың арасында 17 әйел бар. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен жеке сот актілерін орындаушылары қарыз көлемі 40 млн теңгеден асып жығылады дейді. Қолдағы барлық әкімшілік мүмкіндікті пайдалана отыра берешек азаматтарды жауапқа тартқанымен, көпшілігі жұмыссыздығын айтып, алимент төлеуден жалтаратын көрінеді. Осыған орай еліміздің заңнамасына сәйкес баласына борышкер ата-анаға тіпті шекарадан шығуына тосқауыл бар. Әділет департаментімен бірлесе отыра 15 тәулікке дейін қамау түріндегі әкімшілік жауапкершілік те қарастырылған. Соңғы 1 ай ішінде алимент төлеуден бас тартқан 8 борышкерге аталмыш жаза қолданылып, 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін қамалған. Сот актілерін орындаушылары алдағы уақытта еңбекпен қамту орталығымен бірлесіп, жұмыссыз жүрген борышкерлерді жұмысқа орналастырмақ. Бірінші кезекте балаларын бақпай кеткен аналарды қолға аламыз, дейді.

Жанна Омарова, Ақтөбе облыстық жеке сот орындаушыларының аймақтық комиссиясының төрайымы:

Аналары өз баласын тастап, алимент төлеуден жалтаруды сұмдық деп есептеймін. Менің өзіме екі азамат арызданып келіп, жүрегінің жанайқайын жеткізді деуге болады. Бұл жайттарға қатысты іс қозғалып, жеке қадағалауыма алдым. Бірінші ана 2 баласын, екіншісі 3 бірдей баласын тастап, көрші облыстарға кетіп қалған.