$533.61 €621.07 ₽6.78
×

Оңтүстік Қазақстанда жауын-шашыннан мақта алқаптарына зиян келді

AstanaTV
24.05.2016ж. 20:00
1819
Оңтүстік Қазақстанда жауын-шашыннан мақта алқаптарына зиян келді

Оңтүстік Қазақстанда мақташылар шығынға батты. Нөсер жауыннан соң Мақтарал мен Шардара ауданындағы 800 гектардай мақта алқабы жарамсыз болып қалған. Шит жаз шықпай себілуі тиіс. Сондықтан шаруалар тағы жанталасып жатыр. Үлгермеген жағдайда ақ алтын терімі қара күзге қалып қоюы мүмкін.

Биыл ақ алтын өсіретін жалғыз аймақ мақта алқабының көлемін ұлғайтқан болатын. Жалпы аумағы 110 мың гектарға мақта өсіріледі деп жоспарланып отыр. Соның 100 мыңына шит себіліп үлгерген  болатын. Жердің қызуын күткен шаруалар оның өзін тым кеш бастады. Биыл шит тапшылығын да сезінген мақта өсірушілер тағы шығынға батқалы отыр. Ал оларға өтемақы берілмейтіні белгілі болды.

Сейітжан Азбергенов, ОҚО ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы:

Мақта егісіне келген шығын тауар өндірушілердің өз есебінен жүргізілетін болады. Себебі мақта міндетті сақтандыру заңы бойынша тауар өндіруші келісімшартқа тұру керек, алай-дүлей апат болған жағдайда тауар өндірушінің шығыны өтелетін болады сол міндетті сақтандыру заңы бойынша. Ал бұл жағдайда  әлі шаруалар міндетті сақтандыру заңына тұрып үлгере алмады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ