Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Екібастұзда автобус пен жүк пойызы соғысып, 6 адам ауруханаға түсті

AstanaTV
03.07.2018ж. 20:00
2244
Екібастұзда автобус пен жүк пойызы соғысып, 6 адам ауруханаға түсті

Павлодар облысының Екібастұз қаласы маңында автобус пен жүк пойызы соғысып, 6 адам түрлі жарақат алған. Бас көлік прокуратурасының хабарлауынша, автобуста жергілікті кәсіпорынның 11 қызметкері болған. Көлік жүргізушісі телефонмен сөйлесіп отырып, теміржолға шығып кеткен. Мұны «Қазақстан теміржолы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Сағатына 22 шақырыммен жүріп келген жүк пойызының машинисті оны дереу тоқтатпақ болған. Дегенмен екеуі соқтығысып, автобус жолдан шығып қалады. Істі Бас көлік прокуратурасы өз бақылауына алған.