$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев «ҚазАвтоЖол» компаниясының жұмысын сынады

AstanaTV
03.07.2018ж. 20:00
2617
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев «ҚазАвтоЖол» компаниясының жұмысын сынады

Жолдағы қызмет көрсету нысандарын дамытумен айналысқан "ҚазАвтоЖол" компаниясы әлі күнге дейін оларды ұлттық стандартқа сәйкестендірмеген. Үкіметте премьер-министр Бақытжан Сағынтаев компания жұмысын осылай деп сынады. Ермек Қизатовтың айтуынша, бүгінде республикалық маңызы бар жолдарда 1859 жол сервистік объект бар. 260 нысан негізгі көліктік дәлізде орналасқан. Бүгінде республикалық жолдарда қызмет көрсететін көп функционалды 40 шақты кешен керек. 2025 жылға дейін жолдағы жылы кешенді қызмет көрсету нысандарының санын 360-қа жеткізу жоспары бар. Алайда Бақытжан Сағынтаев: "Әр облыс білгенінше салып жатыр, екі жыл бойы "Қазавтожол" не бітірді",- деп атқарылған жұмысқа көңілі толмады.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Слайдтарыңызда көрсетілген әр облыстағы типтік комплекстердің барлығы осыдан 2 жыл бұрын айтылған стандарттарға жатпайды. Сіз екі жыл бұрын осында баяндағанда айтқансыз, Қазақстан бойынша стандарттар бекітілді. Типтік осындай конкурстар болады деп. Енді екі жылдан кейін келіп айтып отырсыз, біз осындай модуль жасадық, енді соны бікітеміз деп. Сонда екі жылда әр облыста өзінің түсінігінше стандартқа сай ма, сай емес пе, біздің бекітікен типтік модульдарымыз ба, оларға сай емес пе, әрқайсы өзі жасап отыр.