Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбеде алғашқы Co-working орталығы ашылды

AstanaTV
03.07.2018ж. 20:00
2958
Ақтөбеде алғашқы Co-working орталығы ашылды

Ақтөбе қаласында алғашқы "Co-working" орталығы ашылды. Бұл «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы және әйелдер ісі мен демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бірлескен жұмысының нәтижесі. Енді ақтөбеліктер «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының кітапханасына келіп, жаңа технология жетістіктерін пайдалана алады. Мұнда жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған компьютерлер мен "монтессори" кабинеті бар. Кітапхана заманауи жиһаздармен жабдықталған. "Co-working" орталықтың басты ерекшелігі - мұнда балалар мен үлкендердің тығыз қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалыпты. Сондай-ақ робототехникамен айналысуға да болады. Облыста жыл аяғына дейін осындай 6 орталық ашу жоспарланып отыр.

Асылжан Бүркіталин, Ақтөбе облыстық «Жас Отан» ЖҚ Төрағасы:

Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін білім алуға, кітап оқуға және басқа бос уақытын тиімді пайдалануға барлық жағдай ұйымдастырылған. Яғни монтессори кабинеті, робототехника кабинеті, тегін wi-fi, ғаламтор, QR кодпен берілетін кітаптардың барлығын осы жерден табуға болады.