$499.51 €525.83 ₽4.62
×

Қазақстандық туристер «Натали Турс Қазақстан» жолдамаларының күшін жоюына байланысты қонақ үйлерге орналаса алмай жатыр

AstanaTV
05.07.2018ж. 20:00
2551
Қазақстандық туристер «Натали Турс Қазақстан» жолдамаларының күшін жоюына байланысты қонақ үйлерге орналаса алмай жатыр

Қазақстандық туристер «Натали Турс Қазақстан» жолдамаларының күшін жоюына байланысты қонақ үйлерге орналаса алмай жатыр. Аталған туристік оператор Ресейдегі жағдайдан кейін қаржылық қиындықтар туындағанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ, шілденің 4-і мен қыркүйектің 30 аралығындағы туристік саяхаттар міндеттемелеріне кепілдік бере алмайтындығы да жазылған. Дей тұрғанымен, «Туристік Қамқор» қорындағылар осы туроператор арқылы 33 отандасымыздың шетелде демалып жүргенін айтты.

Асылхан Есілов, «Туристік қамқор» қорының директоры:

Кеше Бакуден 4 отандасымыздың қаржысы төленген қонақ үйлеріне орналаса алмағындығы жайлы шағым түсті. Бірақ кейін өз ақшаларына сапарларын жалғастыра беретіндігін жеткізді. «Натали Турс» туроператорына хабарластық. Олар тек ауызша өтемақы төлейтіндерін айтты. Дейтұрғанымен туристік оператордың қазіргі жағдайын нақты білу қиын. Түсініксіз. Сондықтан біз жазбаша хат жолдадық. Енді жауабын күтіп отырмыз.

Сондай-ақ «Туристік Қамқор» қорында әлі шетел аспаған туристерге өз жолдамаларын бір тексерген жөн деген кеңес айтты. Яғни орналасатын қонақ үйі мен ұшу-келу әуе билеттерін және туристік кодын сүзгіден өткізген абзал. Туристік кодты еліміздегі әрбір агенттік беруге міндетті. Ол саяхатыңыз тосыннан үзілген жағдайда кез-келген рейспен қайтуға мүмкіндік береді.