$506.21 €568.42 ₽6.3
×

Бүгін Астанада 40 жұп шаңырақ көтерді

AstanaTV
05.07.2018ж. 20:00
3702
Бүгін Астанада 40 жұп шаңырақ көтерді

Бүгін Астанада 40 жұп шаңырақ көтерді. Салтанатты неке қию рәсімі елорданың 20 жылдық мерейтойына орайластырылған. Астана әкімдігі «Салтанатты неке қию» рәсімін  осымен 11 жыл қатарынан өткізіп отыр. Жобада жас жұбайлар үшін ұтыс ойыны да ойнатылды. Бас жүлде - Түркияға бал айы. Сондай-ақ ел ішіндегі курорттық орындардан билет табысталады. Айта кетсек, аталмыш жобаға 2007 жылдан бастап 350 жас жұп қатысқан. Нәтижесінде 800-ден аса астаналық дүниеге келген.

Айдана Тоқтасын, Болатбек Құрманәлі:

Астананы 20 жылдығымен құттықтаймыз. Әрқашан осылай көркейе берсін. Өте керемет өтіп жатыр. Бұндай болады деп күткен жоқпыз. Біз өте қуаншытымыз және бақыттымыз.