Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жапонияда су тасқынынан қаза болғандар саны жүзден асты

AstanaTV
09.07.2018ж. 20:00
2802
Жапонияда су тасқынынан қаза болғандар саны жүзден асты

Жапонияда су тасқынынан қаза болғандар саны 100-ден асты. Рейтерстің хабарлауынша, тағы 60-тай адам іздестіріліп жатыр. Тасқын елдің оңтүстік- батысында тіркелген. Жағдайды 30 градустық ыстық пен электр бағаналары мен су құбырларының істен шығуы қиындатып тұр. Мамандар тасқын қаупі күшейді деп болжап отыр. Жаңбыр су апта соңына дейін жалғасуы мүмкін. Сондықтан сел қаупі төнген аймақ тұрғындарын көшіру басталған. Су тасқынынан өндіріс ошақтары да зардап шегіп отыр. Солардың бірі - "Мазда" автокоманиясы - Хиросимадағы орталық кеңсесі жабылғанын мәлімдеді.