Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Демалыс күндері 20 адам суға кетті

AstanaTV
09.07.2018ж. 20:00
4875
Демалыс күндері 20 адам суға кетті

Адам шошырлық статистика. Елде демалыс күндері 20 адам суға кетті. Ал жыл басталғалы 137 адамның ажалы судан болған. Адам өліміне не себеп?  Тілшілеріміз байланыста. Заңғар, сөз кезегі өзіңізде. 

Заңғар Санай, тілші:

Шомылу маусымы басталғалы Қостанай облысында алты адам опат болған. Тұңғиықта жан тапсырғандардың екеуі жасөспірім. Құтқарушылар маусым айынан бастап түрлі рейдтік шаралар өткізіп, тұрғындар арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқандарын айтады. Бірақ тыйым салынған жерлерде суға батқандардың саны азаймай отыр. Тобыл өзенінің «Гагарин» тоғаны ең қауіпті тұсы. Мұнда шомылуға тыйым салынғанына қарамай, суға шомылғандар азаяр емес. Шілденің жетісі күні 39 жастағы Қостанай тұрғыны қос қызды құтқарам деп, өзі тұңғиыққа кеткен. Александр Капарчук суға батқандарды жағаға шығарам деп әлінен айрылған. Отағасы отбасының көзінше опат болған.

Анжела Капарчук, марқұмның әйелі:

Ол маған кіші ұлымды қолыма берді де, өзі суға батқан қыздарды құтқаруға кетті. Бұл кезде жағалауда бес-алты ер адам жүрді. Менің күйеуім суға батқан қыздарды жағалаудың таяз жеріне жеткізді де, кенет сүңгіп кетті. Шығатын шығар деп ойладым. Бірақ көпке дейін су бетінен көрінбей қойды.

Өлім аузынан аман қалғандардың бірі - Әмина Қаппасова. Бойжеткен анасымен бірге алғаш рет өзенге шомылуға барған көрінеді. Жағалаудағы  терең шұңқырға қалай тап болғанын өзі де білмейді. Капарчук болмағанда, он үштегі қызым тілсіз жаудың құрбаны болар еді, дейді анасы.

Ирина Печерская:

Жағалауда терең шұңқыр бар екен. Ешкім оны білген жоқ. Соның салдарынан осындай қайғылы оқиғаға тап болдық. Мен Капарчуктердің отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Қазасына ортақпын. Қызымды құтқарғаны үшін шексіз алғыс білдіремін.

Тобыл өңірінде тыйым салынған су тоғандары мен өзен-көлдер өте көп. Мамандар олардың барлығын бақылау мүмкін емес екенін айтады. Сондықтан құтқарушылар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, рейд өткізіп жатыр. Мамандар қауіпсіз жерлерде шомылуға кеңес береді. Ал облыста 5 жерде ғана суға түсуге рұқсат етілген. Сабина, демалыс күндері елде 20 адам суда ажал құшыпты. Олар да рұқсат етілмеген жерде суға түскен бе?

Иә, Заңғар. Өкінішке орай, қайғылы жағдайлардың көбі тыйым салынған жерлерде болып жатыр. Биыл республика бойынша 137 адамның ажалы осы судан болған. Олардың ішінде 33-і бала. Ал былтыр 77 жеткіншектің ажалы судан болған. 

Владимир Беккер, ҚР  ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:

Жүргізген рейдке назар аударсақ, көбінесе жағажайларда 15.00- ден кешкі 18.00 аралығында ер балалар  суға батып жатыр. Өйткені  қараусыз жүрген ер балалар өздерініің ойындарының кесірінен экстремалды жағдайларға тап болады. Осылайша өз өмірлерін қауіпке тігеді.

Тек Астанада суға түсу маусымы басталғалы бері 8 адам қайтыс болған. Олардың бесеуі  - 9 пен 12 жас аралығындағы жас жеткіншек. Сондықтан мамандар рейд жүргізіп, ескертпе қағаздар таратты.

Елдор Райымбеков, Астана қаласының ТЖД бөлім бастығы:

Ең бірінші қиындық - ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы. Оған біздің қызметкерлермен барлық жұмыстар жасалынды. Берілді. Айтылды. Арнайы инстаграмдарда, фейсбук, бар жерде, әлеуметтік желісінде біз материал бәрін береміз. Өкіншке қарай, біреуі оқыса, біреуі оқымайды.

Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Жағажайларда ішімдік ішетін ересектер де азаймай отыр. Астанада 11 адам сол үшін әкімшілік жазаға тартылыпты.

Рахмет, Сабина. Еске салайын студиямен тікелей байланысқа шыққан әріптестерім Заңғар Санай мен  Сабина Мәдиқызы болатын.