Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Мәжіліс депутаттарының аймаққа сапары

AstanaTV
10.07.2018ж. 20:00
1860
Мәжіліс депутаттарының аймаққа сапары

Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары тұрғындар үшін өте қолайлы. Батыс Қазақстан облысына іссапармен барған Парламент Мәжілісінің депутаттары осылай деді. Олардың сөзінше, көлікті тіркету, жүргізуші куәлігін алу немесе ауыстыру қызметі жеңілдеп, рәсімдеу уақыты қысқарған - екі сағаттан аспайды. Мамыр айында ашылған оралдық орталық өкілдерінің сөзінше, өңірде тіркелген 200 мыңдай көліктің тең жартысы облыс орталығында. Қазір мұнда күніне 500-ден астам адамға қызмет көрсетіледі. Сондықтан мұндай мекеме - заман талабы, - дейді депутаттар. Ал жыл соңына дейін дәл осындай орталық Атырау қаласында ашылады.

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Барлық ЦОН-дарды көріп шықтым, мынау ЦОН-дардың ең үздіктерінің бірі. Осының бәрі халыққа ыңғайлы болсын деп істелген зат. Бәріміз де білеміз, бұрын мемлекеттік автоинспекцияға барғанда бір-екі күн жүретін еді жүргізушілер куәлігін ала алмай немесе нөмірін талап етіп. Қазір ондай жоқ.