Түркістанның
бас жоспар тұжырымдамасын жасауға халықаралық байқау жарияланды. Оның басты мақсаты - Түркістан қаласын түркі
әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту. Мұнда Түркістан қаласының облыс
орталығы ретіндегі ұзақмерзімді дамуы, мәдени-тарихи мұрасының сақталуы бойынша
сапалы шешімдер ұсынылмақ.
11 шілдеде басталған байқау 11 тамызда аяқталады. Ал
ұсынылған жобалардың көрмесі 15-20 тамызда Түркістан қаласында өткізіледі.
Байқаудың жүлде қоры - 40 млн теңге. Конкурсты ұйымдастырушы Түркістан
облысының әкімдігі 1 орынға 25 млн теңге бермек. 2 орынға 10 млн теңге, ал 3
орынға 5 млн теңге қарастырылыпты. Байқауға кәсіби сәулетшілермен қатар, заңды
және жеке тұлғалар да қатыса алады.