Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Түнгі сот қызметі жолдағы дауды 2 апта ішінде шешпек

AstanaTV
11.07.2018ж. 20:00
2997
Түнгі сот қызметі жолдағы дауды 2 апта ішінде шешпек

Елде түнгі сот қызметі пайда болды. Кешкі сағат 6 мен 10 аралығында жұмыс істейтін судья жол дауына түскен жүргізушілер ісін қарап, шұғыл шешім қабылдайды. Жаңа жоба не үшін енгізілді, пайдасы қандай? Түнгі сотқа кімдер жүгіне алады? Әріптесім Дәуренбек Бақдәулетұлы жаңа жүйенің жай-жапсарымен танысып келді.

Роман Сафиннің көлік жүргізіп жүргеніне биыл 40 жылға жуықтады. Жолдың тарлығы, көліктің көптігінен ірілі-ұсақты жол апаты жиі болатынын айтады. Әдетте ол кезде полиция келіп хаттама толтырады.  Кейін сот үкімі шыққанша, 3 ай немесе 100 күн уақыт кетеді, деп отыр.

Роман Сафин, көлік жүргізуші:

Бұл тіпті өте тамаша болды. Қаншама таныстарым болмашы ЖКО-сы үшін айлап, жылдап сот шешімін күтіп жүретін. Ол аз десең, өзіңніңде жүйкең тозып бітеді. Себебі не көлігіңді жөндете алмайсың, не онымен жүре алмай қаласың. Аз-маз бүлінген көлікпен жүрейін десең, жол полициясы тоқтата береді, ал көрсетейін десең, сот шешімі де жоқ. Қаншама уақыт зая кететін.

Бұдан былай «түнгі сот» көлік жүргізушілерінің уақытын үнемдейді. Талап біреу - қос тараптың бірі өз кінәсі мойындаған болуы тиіс.

Ұлдана Сүлейменова, Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы:

Біріншіден, бұл сот статистикасына байланысты. Былтыр өте көп 13 мыңнан астам ЖКО байланысты іс қарадық. Оның 10 мыңында жүргізушілер өз кінәсін мойындаған екен. Соның ішінде былай қарасаңыз, 18 мыңнан астам адам сақтандыру арқылы шығындарын өтеуді күтіп жүрген адамдар. 

Енді жаңа жүйе бойынша сот 3-4 күн ішінде үкім шығарады. Ол 10 тәулікті күшіне енеді. Мұнан соң сақтандыру компаниясынан қаржы алып, көлікті жөндетуге болады. Жол дауына тап болған астаналық Нұржамал Нұрымбетова жобаға дән риза.

Нұржамал Нұрымбетова, жүргізуші:

Осы төртінші шілде күні менде ЖКО-сы болды. Кей кісілер үш айлап, бір айлап жүреді, сот шешімін күтіп, ал маған міне тез шығарып берді.  Көп кісілер 6-7-ге дейін жұмыста болады, бұл жұмыс сағат 18:30-дан 22:00-ге дейін, мен өте ыңғайлы деп ойлаймын.

Дәуренбек Бақдәулет, тілші:

Бұл жоба - Сингапур тәжірибесі. Қазақстан өз жүйесіне енгізіп отырған екінші ел. Пилоттық жоба іске қосылған 20 күн ішінде 350 іс қаралыпты. Елдің 5 бірдей қаласында бастау алған жоба сәтті жүрсе, келер жылдан бастап барлық өңірге енгізіледі.