«Қазақтелекомға» Kcell-дің 75% акциясын сатып алуға рұқсат етілді. Өтінішхатты қарау кезінде монополияға қарсы орган ұялы байланыс қызметтері нарығындағы бәсекелестікке талдау және бағалау жүргізді. Мәміле оң шешімін тапқан жағдайда, «Қазақтелеком» АҚ алғаш рет еліміздің ұялы байланыс нарығына кіреді. Бағалау бойынша, компанияның осы нарықтағы үлесі 37,5 пайызды құрайды. Дегенмен айта кетерлік бір жәйт, бұл тұтынушылар үшін ұялы байланыс қызметтерінің құнына әсер етпейді. Мәселен, қолданыстағы тарифтік жоспарларды мәміле жасалғаннан кейін үш жыл бойы сақтау; абоненттер үшін қосымша қызметтердің пайда болуы; 2021 жылға дейін ауылдық елді мекендерде 4G желісімен қамтуды кеңейту, 2021 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей 5G қызметтерін ұсыну стандарттарын енгізу. Ал компанияға келісімшартты жасау үшін бірқатар талаптар мен шарттар да қойылды. Мәселен, «Қазақтелеком» "Кселл" - "Activ" брендтерін сақтауы тиіс. «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев, талаптар жоғары болғанымен, оның орындалатынын айтты. Ал бәсекелес деп отырған "Beeline" компаниясының айтар өз уәжі бар.
Алексей Бендзь, «Beeline Қазақстан» компаниясының ұжымдық коммуникация директоры:
Біз
сотқа жүгінуге мәжбүрміз. Өйткені қатаң шектеу қоятындай қандай да бір жеке
аспектілер жоқ. Ал 75 пайыз дегеніңіз - бұл айтарлықтай көлем емес пе? Дегенмен
біз нарықтағы өз үлесімізбен орнымызды сақтап қалу үшін барымызды саламыз және
Қазақстан нарығымен шектеліп қалмаймыз.