$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекеттік қызмет көрсететін орталықтар мен тұрғындар арасында заңсыз жүретін делдалдар күніне 100 мың теңгеге дейін пайда табады

AstanaTV
12.07.2018ж. 20:00
2611
Мемлекеттік қызмет көрсететін орталықтар мен тұрғындар арасында заңсыз жүретін делдалдар күніне 100 мың теңгеге дейін пайда табады

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін орталықтар мен тұрғындар арасында заңсыз жүретін делдалдар күніне 100 мың теңгеге дейін пайда табады. Бұл туралы қоғамдық ұйым, жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығының төрағасы Төлеген Байғұлов мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінгі таңда барлық мемлекеттік қызмет көрсететін орындарда делдардар бар. Олар балаңды бақшаға жылдам орналастырып, жүргізуші куәлігін алып береді, көлігіңді тіркеп, қажетті медициналық анықтамаларды оңай тауып береді. Қоғамдық ұйым басшысы жылдың аяғына дейін агенттікпен бірігіп делдардарды 70-80 пайызға дейін қысқартамыз деп отыр.

Төлеген Байғұлов, жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталықтың төрағасы:

Шамамен күніне 100 мыңдай табады олар. Солай ойлаймыз. Біз тек қана облыс орталықтарында емес, аудан орталықтарында да делдалдар бар. Пара алушы мен пара беруші бір-біріне жағдай жасап қойған ғой. Ол жерде істеп отырған адамдарда бәрінде бір схема.