$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Кәріз құдығына жайылған газдан уланған дәрігер жансақтау бөлімінен шығарылды

AstanaTV
12.07.2018ж. 20:00
3681
Кәріз құдығына жайылған газдан уланған дәрігер жансақтау бөлімінен шығарылды

Алматы облысы Шелек ауруханасындағы кәріз құдығына түскен адамдарға көмек көсетпек болған дәрігер жансақтау бөлімінен шығарылған.  Қазір ол палатада ем қабылдап жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкел телефонмен айтты. Сондай-ақ сол аурухананың бас дәрігері жұмыстан кеткенін растады.

Ғалыммұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

Біздің тарапымыздан ол кісіге ешқандай да бір қысым көрсетілген жоқ. Өйткені қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу амалдары бірінші кезекте ол кісіге жеке емес, жалпы осыдан біраз уақыт бұрын үш адамның қайтыс болуына байланысты Қылмыстық кодекстің 156 бабы 4 тармағы бойынша қозғалған болатын. Нақ ол кісінің өз еркімен жұмыстан босатуы туралы арызы болды. Сол өтінішті біз тек қанағаттандырдық.

Қайғылы оқиға осыдан он күн бұрын болды. Аурухана алдындағы кәріз құдығында жиылған газдан уланған 3 адам мерт болып, біреуі жансақтау бөліміне түскен еді. Қаза болғандардың отбасына жергілікті билік, тергеу аяқталғаннан кейін өтемақы төлемек.