$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Павлодарлық зейнеткер жарыққа миллион теңге төлемейтін болды

AstanaTV
12.07.2018ж. 20:00
2687
Павлодарлық зейнеткер жарыққа миллион теңге төлемейтін болды

Павлодарлық зейнеткер жарық үшін миллион теңге төлемейтін болды. Сотта оның қарыз емес екені дәлелденді. Өткен жылдың желтоқсанында пайдалған 81 100 киловатт-сағат жарыққа 928 мың теңге төлеуді талап етіп, монополистер 53 жастағы Ұлар Мананның үйін электр энергиясынан ажыратып кеткен болатын. Бұған наразы болған зейнеткер арнамызға шағымданған болатын. Енді «Павлодар электржелілік тарату компаниясы» АҚ-ның талабы жарамсыз деп танылып отыр. Мекеме, керісінше, тұтынушыға 101 мың теңге сот шығынын өтеуі тиіс. Жарты жыл бойы жарықсыз отырған үйге электр энергиясы жұмыс тәртібімен қосылатын болады. Ал мекемеге алдағы уақытта осындай келеңсіздіктерге жол бермеуі үшін ескерту берілді.