Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Өскемендегі трамвай жолын ауыстыруға 2 млрд теңге керек

AstanaTV
13.07.2018ж. 20:00
1884
Өскемендегі трамвай жолын ауыстыруға 2 млрд теңге керек

Өскемендегі тозығы жеткен трамвай жолының 13 шақырымын ауыстыруға 2 млрд теңге керек. Жолдың ескіргені соншалық, тіпті вагондар рельстен шығып кететін көрінеді. Мұны трамвай паркінің директоры Владимир Панков айтты. Соңғы бірнеше айдың ішінде осындай төрт оқыс оқиға болған. Олардың екеуіне рельстердің біріккен жерінің ашылып кетуі себеп болса, тағы екі жағдайда рельске түскен түрлі заттар қозғалысқа кедергі келтіріпті.

Владимир Панков, Өскемен трамвай паркінің директоры:

Өтіп бара жатқан көлік, рельс бойына төселген гранитті ұшырады. Кейін бұл қиыршықтар трамвай жолына кері ұшып түседі. Осы сыныққа тірелген трамвай жолдан шығып кетеді. Қазір жолдың 6 шақырымын шұғыл түрде жөндеу керек. Барлық жолды талапқа сай қылу үшін 2 миллиард теңге керек. Бұл қаржыға рельс пен шпалды түгел ауыстыру ек. Жөнделген жолды 20 жыл бойы пайдалануға болады.

Дегенмен мұндай ауқымдағы жөндеу жұмыстарына қаражаттың қайдан алынары белгісіз. Владимир Панков та бұл есептің алдын-ала шамамен жасалғанын айтады. Қазір апатты жағдайға жол бермеу үшін трамвайлар жылдамдықты шектеуге мәжбүр. Күн сайын желіге 13 вагон шығады. Ал Алматыдан алдырылған трамвайлардың 13-інің тек үшеуі жұмыс істейді екен. Парк директорының түсіндіруінше, қазір вагондар жөнделіп жатыр. Осыдан кейін 25 вагон жолаушы тасуға шығарылады.