Алдағы үш жылда жарты миллионға жуық қазақстандық жеткіншек ІТ саласының әліппесін меңгереді. Бұл жайында мәжіліс депутаттарының Алматыдағы әлеуметтік-мәдени мекемелердің жұмысымен танысу кезінде белгілі болды. "Нұр Отан" партиясының фракция депутатары мегаполиске «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» түсіндіруге келген. Олар алдымен Алматыда бірінші болып ашылған IT- класстың жұмысымен танысты. Мұнда отызға тарта бала робот техникасы мен 3D модельдеу секілді екі бағдарламаны тегін үйреніп жатыр. Мәжілісмендер мұндай пәндер балаларды жаңашылдыққа баулитынын айтады.
Абай Тасболатов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясы мүшесі:
Осы Алматының өзінде осы жылдың аяғына дейін осындай 70-тей ІТ сынып ашылады екен. Оның мамандықтары сол робот жағынан 3D модель жағынан, дизайн жағынан сондай тақырыптарда сынып ашылады. Ал елімізде осы 2-3 жылдың арасында мыңдай осындай ІТ сынып ашылады екен. Санап қарасаңыз, жарты миллиондай жасөсірпімдер сондай мамандықтар алады.
Жұмыс
сапары кезінде депутаттар жасөспірімдерге арналған бизнес мектептің жайымен де
танысты. Бұл оқу сыныбы жуырда ашылғанымен, нәтижесі көңіл қуантарлық. Бүгіннің
өзінде он шақты оқушы жобаларын жасақтаған. Парламент депутаттары балалардың
стартаптарын жүзеге асыруға көмектесуге уәде берді.